тойдың
Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!
1-оқушы: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-оқушы: Бүгінгі "Бастауышым балбұлағым" ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-оқушы: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
3-оқушы: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Ән:
4-оқушы: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
5-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
6-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
7-оқушы: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккені
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>