лейік думан ғып.
7-оқушы:
Көпшілікке өнерді,
Көрсетейік керемет.
(Балапан биі)
13-оқушы:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Барлығы бірге:
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектебім!
БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол - 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Ендеше осы шәкірттерімізді ортаға шақырайық.
Мұғалім: Той бүгін -кең сарайда шалқып тасқан
Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан,
Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,
Би билеп, асқақтатып әнге қосқан.
Бұл тойда жан табылмас тасымаған,
Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,
Жұпарлы гүлге оранған осы
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>