Қош бол, бастауышым - балбұлағым

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>



Үйретіп іс сазын,

Мың жаса ұстазым!

13-оқушы: Сүйікті мұғалім,

Бес алсам ұнадым,

Екі алсам сынадың,

Алдыңда әрқашан,

Бас иіп тұрамын,

Сүйікті мұғалім!



Ән:



Би:



Мұғалім: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді медальдармен марапаттаймыз.

"Ең сүйкімді де сүйікті" номинациясымен мектеп директоры марапатталады.

14-оқушы: Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хошын - ай,

Көп шәкірттің досындай

Ақ ниетті кең пейіл,

Біздің бастық осындай!



Мұғалім: "Қамқор және мейірімді" номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі марапатталады.



15-оқушы: Қасымызда қашанда

Қамқор болып жүреді

Ақ ниетті кең пейіл,

Жанна апай осындай.



Мұғалім: "Күміс көмей" номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
марапатталады.



16-оқушы: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

Жанат апай, бас иеміз сізге де,

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.



Мұғалім: "Ұйымшылдығы үшін" номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі марапатталады.



1-оқушы: Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Бақыт апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

МҰҒАЛІМ: "Ардақты ұстаз" номинациясымен алғашқы ұстазы марапатталады.

2-оқушы: Білімнің байыбына барып терең,


Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: