Орманға саяхат жобасы

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі: "Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын?" дейді.

Қар жауған күні (Әңгіме)
- Шаршау шегіне жеткен, жүйкең жұқарған, жүрегіңде ақау бар-деді дәрігер Ақпанға зерттеу қортындысынан көз алмай шұқшиған қалпы. -- Ал мен шаршап, жүйке жұқартатындай ештеңе тындырып жүргенім жоқ-деді Ақпан сәл-пәл аңырып. -- Мәселе, онда да емес, кейде тіпті ештеңе тындырмасаң да жүйке жұқаратыны бар. -- Солай ма? -Солай деуден гөрі мүмкін-дегеніміз жөнірек болар. Мүмкін сені әр нәрсе мазалап, уайымға да көбірек салынатын шығарсың. Дәрігер жігіттің басынан аяғына дейін сәл таңданыспен көз жүгірте отырып қажетті деген дәрілер тізілген қағазды қолына ұстатты да "жүре бер" дегенді ишарамен білдірді. Ойлап отырса Ақпан өзінің қазіргі тірлігіне көңілі толатын сияқты. Сүйген жары Жаннұрына қосылып кішкентай Ернардың сәби қылықтарын қызықтауға тағдыр жазды. Жайлы жұмысы бар. Онда да көңілсіз емес. Ал енді неге оның жүйкесі жұқаруы керек? Тек кей кездерде зайыбының: "Әлденеге басың қатып жүр ме, неге ғана үндемейтін тұйық болып алдың?! Деген реніш аралас назы болмаса. Ал, бұндайда Ақпан айтар уәж әрдайым дайын. "Не қыл дейсің, бір уақ үндемей жүрсек несі айып?" "Жоқ-жоқ оның да себебі болуы керек қой. Әлде-әлде бір жерің ауыра ма? Мені дал қылғанша дәрігерге қарал, сол дұрыс шығар. Әйтпесе "үндемес" ойыныңа мен төзе алмаспын. Екеуіміз тұрмыс құрмай тұрғанда, яғни сен бозбала жігіт болып бойжеткен менің артымнан салпаңдап еріп жүрген кезіңде. Тыңдап отырсың ба, артымнан еріп жүрген кезіңде /бұл сөзді Жаннұр әдейі салмақ сала қ

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: