НАРМАНБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

аты Құлбек Ергөбектің құрастыруымен баспадан шыққан "ХХ ғасырдың басындағы әдебиет" атты жинақ кітапқа алты өлеңі енген. 2006 жылы Бөрлідегі Мұхтар Әуезов мұражайының директоры Бекен Исабеков ақсақалдың ақынның біздер әлі жолықтыра қоймаған өлеңдеріне мынандай үзінділері:
Үндінің жуып алдым бұлағына,
Сондықтан кір жұққан жоқ шырағыма.
Бармақ басқа болғанымен білек бірге,
Кірмейді дұшпан сөзі құлағыма

Әбен деген байға.
Сәлем де Әбенге,
Бір ат берсін сұлу жас.
Белді, аяншыл марал бас.
Шабысты болмаса да дабысты,
Желісті болмаса да келісті,
Салып қалса қамшымен,
Сүрінбей бассын еністі.

Хан тірегі Қаракем,
Дін тірегі Құнекем.
Осыларды айтпауым
Өз басыма мін екен.
Нарманбеттің шығармашылық мұрасы туралы мол мағлұматтарды әйгілі абайтанушы әдебиетші ғалым Қайым Мұхаметхановтың "Нарманбет ақын" атты мақаласына жолықтырамыз. Осы мақаланың қызықты да құнды жерлерінің бірінен өз еңбегімізге үзінді пайдаландық. Осындай естелік әңгімені Қайым ағаның Нарманбетті жақсы білетін, оның замандасы әрі жерлесі ақын Төлеу Көбдіковтың /1874-1954/ жазып алған екен.
"Тұрсынбек деген бай ағайыны, партия кезінде /елдің талас-тартысы. Қ. М. "/ Нарманбетке тілектес жолдас болып жүріп, бір күні:
Нареке, осы мен қандай кісімін? - депті. Сонда Нарманбет:
Сен бе, сен:
Тарбақ танау тағансыз,
Жолдас болдым амалсыз.
Желбір танау, жел көтен,
Жеңілдігің бір төтен,-
Кісісің ғой сен,- депті. Не дерін білмей, сасып қалған Тұрсынбек:
Ал сонда өзін қандай кісісін? - дегенде,
Нарманбет: - Мен,
Құлжа мойын, марал бас,
Адам алдап ала алмас,
Бөкен қабақ, бүркіт қөз,
Өн бойымның бәрі сөз,
Кереге сақал, кер та

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: