на, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптасып жалғасып келеді.
Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр халықтың музыкасының өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Сондықтан халық музыкаларының ерекшеліктерін ескермей, ұлттық сипатын танып білмей, оларды бір өлшеммен бағалауға болмайды. Музыканың шынайлығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында. Болашақ саз пәнінің ұстазы халық музыкасымен, халықтың музыкалық шығармаларымен өзі терең танысып, жас ұрпаққа жеткізіп, одан әрі жалғастыру мақсатында жүзеге асыруы керек.
Қорқыт (VII-IX ғасырлар)
Қорқыт VIII-IX ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшыл, алдағы күнді болжаған көрікпел, шебер күйшісі болған.
Қорқыт - қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе диуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халқтықтың музыка аспабы ретінде таныта білді. Қобыздың құдіретті үнін ,Қорқыт күйлерін қазақ қобызшыларырухани мұре етіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Оның "Қорқыт","Аққу","Әуппай","Башпай","Желаяқ","Елім-ай","Халқым-ай","Тарғыл тана","Ұшардың ұлуы","Сарын" I,II, "Қоңыр","Байлаулы киіктің зары" және т. б. күйлері бар. Қорқыт туралы ,оның күйлері туралы халықта көптеген аңыз-әңгімелер бар.
Әл-Фараби (IX-Xғасырлар)
Әбу Насыр әл- Фараби - Шығыстың философы, энциклопедист, музыка зерттеушісі, ғалым. Оның есімі үнді, Иран, Араб жіне басқа Шығыс халықтары арасында кеңінен танымал болған. Фарабидің философиялық, ғылыми еңбектері өте көп. Оның ғылыми еңбектерін араб, латын, Батыс Еуропа ғалымдары жоғары бағалады.
Фа
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>