раби музыка саласына теориялық және тәжірибелік тұжырымдар жасады. Аспаптық, вокалдық музыкалардыңтууы, орындалуы және оның сезіміне етер әсері, өмірде алатын орны мен маңызы жөніндегі ғылыми пікірлерді түйіндейді. Сондай-ақ Фараби үндестік ( гармония ) заңдылығына, музыка құрылымының нысандарына, ырғақтық-жылдамдық жүйелеріне терең талдау жасап, " музыкалық әуендер жақсы мінез-құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарды "деген, " Музыка мен эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қазиеттерден арылуына ықпал етуге болады " деп жазды
Ол ежелгі грек ғалымдарының ізін жалғастырып, музыка туралы ғылымды математикаға жазды. Ол " мұның негізгі себептерінің бірі - тон, интервал, ырғақ, өлшем тәріздес музыка теориясының негізгі ұғымдарын математикалық жолмен өрнектеуге болғандығында " дейді.
Біз халқымыздың ұлы перзенті Фарабидің "Музыканың ұлы кітабы", "Музыка туралы үлкен трактат" (Китап әл мусика әл-Кабир), "Музыка ырғақтарын жіктеу туралы кітап" және "Ғылымдарды жіктеу туралы кітап" атты әлемдік музыка өнеріне қосқан зор үлесін мақтан тұтамыз.
Асанқайғы
( XIV-XV ғасырлар)
Асанқайғы - Алтын Орда ыдырай бастаған кездерде өмір сүрген Береке, ұлы Мұхамед, Әбілқайыр хан және Керей мен Жәнібек сұлтандардың замандасы. Оның:
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел тоқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Жыр толқытса шығады, - деген жыр жолдары әр адамның көңілінен ойып орын алған ақиқат.
Ол - қазақ халқының тағдыры үшін қайғы шегіп, оның болашағын ойлап, тебіренген дала абызы. Асанқайғы - ел қамы
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>