ата?.
13. Сандық интервал қалай құрылады.
14. Сапалық интервалды қалай есептейміз?.
15. Тұрақсыз дыбыстардың орналасуын ата.
16. Мажорлық дыбыстар қандай болды?
17. Минорлық дыбыстар қандай болды?
18. Әуен туралы түсінік.
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3. Жаңа тақырып түсіндіру"Халық музыкасы - халықтың музыкалық шығармашылығы"
1. Халық музыкасы-халық шығармашылығы.
2. Халық музыкасына үлес қосқан ғұламалар.
3. Қазақ музыкасының негізгі жанрлары.
4. Әлемдік музыка қоры.
5. Салт дәстүрге байланысты музыкалар туралы түсінік.
6. Асан қайғы, Әл - Фараби, Қорқыт туралы түсінік.
7. Аспаптық музыка және ән жанрлары.
Өнер - халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініші, сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен қыйлы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, тарих айнасына айналды. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да өздеріне әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары, шілдехана, сүндет тойы, халықтық ойын-сауықтар - барлығы да ән-күй аясында өтеді.
Өлімді жеңер күз іздеп, мәңгілік көксеген Қорқыт, ғұлама ғалым әл-Фараби, тыныш өмірді аңсап желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізген. Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан Сері, Мұхит, Қазанғап, Сүгір, Дина және басқа таланттар халықтың тауқымет-тағдырын музыкамен айтып өтті. Сөйтіп,и халқымыздың музыкалық рухани қазы
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>