Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>

шекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік - шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.
Жетіген - көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар "жетіген" сөзі жеті байлық, жеті қазына дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол "жеті хан" деген сөзден делінеді. "Жетіген" деген атау тегінде "жеті" және "ән" сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.
Шертер - шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді.
Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.
Асатаяқ - ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар.
Қобыз - ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Сырт пішіні алмұрт тәрізді. Мойны ұзын, құлағына үш сым ішек тағылады. Ойнау әдісі түрліше болады. Суырыпсалма ақын - жыршылар өз шығармаларын қобызбен сүйемелдей отырып айтады.
Шаңқобыз - бұл көне музыкалық аспап. О

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: