Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

ырына әзірше байсалды барлау жасала қойған жоқ. Қазіргі танымның деңгейі ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" кезінде туған Елім-ай" әнінен әріге бойлай алмай келеді. Аспапты музыка ретінде оқшау жанр болып орныққан қазақ күйлерінің мың жылдық, тіптен одан да көне ("Ақсақ құлан", Қорқыт", Ел айрылған", т. б. ) тарихының бары белгілі. Бұл жағдайлар ән өнерінің де тек-тамырын аршуға ынтықтыра түссе керек. Басқасын былай қойғанда, XVIII -- XIX ғасырлар мен XX ғасыр басында дүниеге келген әндердің тек қана әуендік ерекшеліктеріне ден қойып қоймай, оларды уақытпен шендестіре қарауға мән беретін кез келген сияқты. Әсіресе, музыка мен сөз өнерінің XIX ғасырда аста-төк болып ақтарылып, қазақ халқының рухани әлемдегі айырықша жаңғыруында сыр бар. Қазақтың музыкалық мұрасы, оның ішінде ән өнері дәл қазіргі жинақталған қыруар айғақтың негізінде басы ашық бес мектепке бөлінеді деп тұжырымдауға негіз бар.
1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектебі.
2. Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын әншілік мектебі.
3. Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектебі.
4. Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі.
5. Қазақстанның шығыс өңірін, Баян Өлке және Шығыс Түркістанды қамтитын әншілік мектеп.
Қазақстанның орталық және солтүстік өңірінде, ғұмыр кешіп, өз өнерінде өзіндік із қалдыра білген Абай, Біржан, Ақан, Жаяумұса, Ыбырай, Әсет, Жарылғапберлі, Уәйіс, Ғазиз, Майра, Мәди, Балуаншолақ сынды біртуар дарындар бір-бірінен мейлінше оқшау бітімдегі әнші-композиторлар. . Бүгінгі күнімізге ту-у сонау VIII ғасырдан Қорқыт сарындарының жетуі, XIII ғасырдан Ақсақ құлан" күйінің жетуі, XV ғасырдан Асанқайғының Ел айрылған" күйінің жетуі, немесе сонау XVIII ғасырдағы аласапыранның айғағындай болып

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: