ның ортасыда сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.
Сыбызғы - қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай - үрлемелі аспатар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама - қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.
Әншілік дәстүр. Әншілік -- үлкен өнер. Қазақ халқының талғам-түсінігі ежелден-ақ әншілікті айырықша дарын деп есептеп, биік өнерге балаған. Айтулы әншілеріне төрінен орын беріп, төбесіне көтере әлпештей білген. Бүл, әрине, бір сәттің ғана қолпашы емес, бір кештің ғана ой, бәрекелдісі" емес, бүл -- халықтың қателеспес талғамы қалыптастырған ғажайып дәстүрі. Мұндай жақсы дәстүрдің аясы. Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтай. Адам қоғамындағы үлкенді-кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін:Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең", -- деп түйіндеген. Қазақтың ән өнері, оның көл-көсір мол нұсқалары өзінің өн-бойына айырықша қастерлі қасиеттер жинақтай отырып, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі-нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Қазақ ән-өнерінің тарихи тек-там
Страницы: << < 24 | 25 | 26 | 27 | 28 > >>