Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>

әуенді, шалқымалы кең үнді әндер. Нақты айтқанда, бірінші түрі - желдірте, термелетіп, толғай айтылатын жырлар, екіншісі - созылып айтылатын кең үнді, әуез-мақамның сымбаттылығы әр күйде, бірде бәсең, бірде көтеріңкі келетін шалқымалы, күрделі әндер.
Эпос негізінде қалыптасқан терме ән формаларының мазмұн жағынан алып қарағанда алуан сырлары бар. Тарихи оқиғаларды, халықтың салттық-ғұрыптық ерекшеліктерін сипаттауда терме мен желдірменің көркемдік ерекшелігі мол. Терме де, желдірме де, әдетте жылдам екпінмен орындалып, мағыналы сөзі, ойнақы ұйымдастырылатын өлшемі, өлеңмен қиыстырылған үнділігі, интонациясы болады, речитативтік формаларды тиімді түрде пайдаланады. Терме сөзі- көркем де келісті болса, ал айшықты музыка сазы - оның мазмұнын байытып, көркемдігін арттырып, құлпырта түсетін негізгі компонент.
Терменің әуен сазы халықтың ғасырлар бойы өзі ерекше екшеп, таңдаған музыкалық формамен басталады да, халықтың өзі тудырып, қалыптастырылған заңдылығымен аяқталады.
Терме - халық өнерінің басқа түрлерімен терезсі тең жанр. Терменің тамаша бір түрі - желдірме. Қазақтың тақпақты әнінің мұндай классикалық түрін суырып салма ақын Иса Байзақовтың желдірмелерінен көреміз.
Толғау - "толғану" деген мағынаны білдіреді. Толғауды жыршы, термешілер белгілі бір сарынмен аспаптың сүйемелдеуімен орындайды. Толғау - термеге қарағанда көлемі жағынан ұзақ, жырдан қысқалау болып келетін поэтикалық жыр. Толғау да жыраудың ішкі ойын, сезімін өмірге, қоғамға немесе табиғатқа деген көзқарасын білдіретін шығарма.
Эпостық жырлар
"Эпос"- грек тіліндегі сөз, әңгіме, өлең, жыр деген мағынаны білдіреді. Эпостық жырлар көптеген елдердің тарихында кездеседі. Қазақта "жыр" десе, қырғызда "ыр", ал гректе "эпос" деген. Әнд

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: