Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>

кен тақырып бойынша.
1. Халық музыкасы-халық шығармашылығы.
2. Халық музыкасына үлес қосқан ғұламалар.
3. Қазақ музыкасының негізгі жанрлары.
4. Әлемдік музыка қоры.
5. Салт дәстүрге байланысты музыкалар туралы түсінік.
6. Асан қайғы, Әл - Фараби, Қорқыт туралы түсінік.
3. Жаңа тақырып түсіндіру. "Дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрлары"
Халқымыз ежелден әнді ерекше қастерлеп, оны халықтың жаны деп бағалаған. Өйткені жақсы ән мен жақсы күй қай заманда да халықтың асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, олардың бақытты өмірге ұмтылған ынта-ықыласын жеткізе білді. Ән - халықтың рухани байлығы, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманның тарихи шежіресі.
Сан ғасырлық тарихы бар, ғасырлар елегінен сүрінбей өткен әндер талай-талай ұрпақтың кәдесіне жарай отырып, айшықтана, әрлене түсіп, музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасына айналды. Ән жан-жүйеңді шымырлататын әуезділігімен, "ұйқыдағы көңіліңді оятатын" әсерлілігімен, тартымды бейнелілігімен, жүрек тебірентетін нақышымен қымбыт. Кезінде екі ауыз ән айтпайтын қазақ болмаған, "Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай" деген пікірге ие болған, әншілігі аңызға айналған, өнер десе ішкен асын жерге қойған халықпыз. Ән айту, ән салу - ұлттық дәстүріміздің жалғасы
Музыкалық мәдениетіміздің негізгі белгілері мен ұлттық қасиеттерін, өзіне тән үнділігін, музыкалық тілін, мазмұнға лайық әуендік ырғақты, нақыш бояуларды әннен табамыз.
Қазақ халқының әндер қорында тұрмыс-салттық, лирикалық және еңбекке байланысты әндермен қатар әр алуан тақырыптарды қамтитын тақырыпты, сазды әуендердің де кең өрістенгенін білеміз. Қазақ халқының ән өнерінің кең айдынынан екі типтік - екі сала анық байқалады. Ол - тақпақ сазды - речитативті әндер және

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: