Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>

р жырау, Жиембет жырау, Шалкиіз жырау, Қазтуған, Нартай, Ақтамберді жырау, Доспамбет жырау, Махамбет, Тұрмағамбет, т. б көптеген жыршы- ьермеші, жыраулардың шығармашылығы туралы "Бес ғасыр жырлайды" кітабының 1-2 томдарынан кеңінен танысуға болады.
Айтыс
Қазақ халқының музыкалық өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар табан астында жыр шығаратын суырып салмалыөқ өнер де кең дамыған. Халқымыз үлен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына айтысқа айналған.
Айтыс атауы "айтысу" деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, тартысу, дауласу, сынасу мағынасында қолданылады. Айтысу өлеңмен де, қара сөзбен де, күй тарту арқылы да болуы мүмкін. Мұның бәрі де аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты, ұшқыр ойлылықты, білімділікті қиыннан қиыстыратын қас шеберлікті талап етеді.
Айтыстың бірнеше түрі бар: "Бәдік айтыс", "Жар-жар айтысы", "Мысал айтысы", "Қыз бен жігіт айтысы", "Қайым айтыс", "Жұмбақ айтыс". Ақындар айтысының қазақ өнері тарихындағы озық үлгілері - "Біржан мен Сара айтысы", "Жамбыл мен Құлманбет айтысы", "Шөже мен Балтаның айтысы".
Қазіргі кезде халқымыздың жаңарып, өмір кезеңдерінің өзгеруіне байланысты айтыстың тақырыптары да, мазмұны да жаңарып, түрленіп жаңаша түр сипат алып, көптеген айтыс ақындары шығып, айтыс өнері төселіп, құлашын кеңге жайып ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді. Сөйтіп, айтыс өнері халқымыздың сүйікті өнеріне айналды.
Айтыстың ең озық үлгілерінің бірі - "Біржан мен Сара айтысы" - бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңіне айналған.
"Біржан мен Сараның айтысының" та

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: