Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>

і - әнші, күйді - күйші, жырды - жыршы орындаған. Ерте заманда жырды қобызбен, бертін келе домбырамен сүймелдеген жыршылар белгілі бір әуенмен жорықта айтқан.
Эпостық жырлар - ескі заманнан келе жатқан халықтық мұра, ол екі түрге бөлінеді: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар.
Батырлар жырында халықтың еркіндігі, бостандығы үшін әр елдің батырының төтенше қайрат, асқан ерліктері, ел үшін еткен зор еңбектері жырланады. Қай елдің батырлары туралы жырын алсақ та, олардың негізінде тарихи оқиға жатады. Батырлар жыры көбінесе Отаннын сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу арманын қамтиды. Мысалы: "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер тарғын", "Қамбар батыр", қырғыз халқының жыры "Манас".
Лиро-эпостық жырларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік туралы жырланады. Батырлар жырмен салыстырғанда, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, адамның ішкі сезімі көбірек баяндалады. Сондықтан лиро-эпостық деп аталып, кең мағынада- лирика мен эпикалық тақырып элеменнтерін бірдей қамтитын шығармалар деген ұғымды білдіреді. Қазақтың " Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман - Шолпан", "Күлше қыз", "Мақпал мен Сегіз", т. б. - бәрі де лиро-эпостық жырларға жатады.
Эпостық жырда орындаушыларды жыршы дейміз, ол өз жанынан жыр шығармайды, жаттап алып, белгілі бір өзіндік әуенмен айтады. Ал жырау- ақын, ол өлең, жырды жанынан суырып салып шығарып айтады.
Қазақ халқында ақын, жыршы, жырау, термешілер өте көп болған. Екінің бірі жиын-тойлапрда жырлап, термелетіп немесе бір-бірімен айтыс оздырып, суырып салмалық өнерін ортаға салып отырған.
Бұл орайда, атақты жырау, термешілер: Базар жырау, Бұқа

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: