ндай музыкалар өте әдемі, көркем әуенді болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, қанағат береді. Тек мұндай музыкаларды тыңдаумен шектелу дұрыс емес. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда жеңіл музыканың мазмұны жұтаң, терең сезімге бойлай алмайды. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын ешқандай мәні, мағынасы жоқ музыкалар да болады. Әсіресе соңғы кездерде сондай әуендер өте көбейіп кетті, мәнсіз мағынасы, құр дүңкілдеген барабанның соғыс ырғағымен адамды еріксіз қозғалтатын музыкалар тыңдаушының жүйкесін балғаман ұрғандай әсер етуі арқылы нәзік сезімдер мен түйсіктерді жойып, мидың жүйке жүйелерінің жұмысын әлсіретеді. Сондықтан бастауыш сыныптардың оқушыларының 1-сыныбынан бастап мағыналы күрделі музыкаларды тыңдауға баулып, музыка "тыңдау репертуарына" вокалдық, аспаптық шығармаларды, халық шығармашылығын, классикалық (орыс,шетел) және қазіргі заман музыкаларын енгізген дұрыс.
Бағдарламаға енген халақ әндері мен күйлері оқушылардың ұлттық музыка өнерімен кеңінен танысып меңгерулеріне мол мүмкіндік берді. Халқымыздың ғасырлар бойы туындап ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа, төрт-түлік малға, тарихына шыққан ән,жыр, терме - толғау, айтыс, эпостық жырлар, күй өнерімен танысу жүйелері жоспарланып сыныптан сыныпқа дейін күрделеніп жүргізіледі.
Қазіргі бағдарламаға сәйкес репертуарға енген музыкалық шығармалар әр сынып тақырыптарына байланысты оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп іріктелген. Мысалы: "Сырлы да сазды әуен" тақырыбының тыңдауға ұсынылған шығармалары - бесік жырлары, тұсау кесу, төрт-түлік малға арналған әндер мен күйлер, табиғат туралы Қазақстан сазгерлері туралы шығармалары 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олардың қабылдауына жеңіл, қарапайым да қысқа мазмұнды б
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>