Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

абілетін талап етеді. Мысалы: балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін, аспаптардың (рояль,скрипка,баян, домбыра,қобыз, т. б)жоғары және төмен тембрлік дыбысын бір-біріменсалыстырады, әннің бастамсын, қайырмасын (музыкалық шығарманың ең қарапайым құрлымын) бір-бірінен айырады, бір - біріне қарама-қарсы көркем бейнелердің айқындылығын байқайды.
6. Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру. Бала музыканы тыңдап отырғанда көркем бейнені (әнді, биді, күйді)көз алдына өзінше елестетіп қабылдайды.
Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік - ол музыкалық шығарманың өзі болып табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан есту қабілетін дамыту музыка тыңдау арқылы жүзеге асып, барлық музыкалық түсініктер қалыптасады. Музыкалық түсініктермен қатар оқушылар жалпы музыканың жанырлары, музыкалық шығарманың құрылысы, музыка тілі, сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алады.
6. 3 Бастауыш сыныптарда музыка тыңдау репертуары және оны талдау.
Оқушыларға тыңдататын әр музыканың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат мүддесіне сай болу керек. Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2-сынып оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл ойналуы ұзақтылығы 1-1. 5минуттен аспайтын, 3-4-сынып оқушыларына тыңдатылатын музыканың ұзақтығы 3 минуттай болуы керек.
Оқушылардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын тыңдалатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек.
Тыңдалатын музыкаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыканы көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл қабылданады, сондықтан да жеңіл музыка деп аталады. Оған эстрадалық, джаздық, оперетталық музыкаларды жатқызуға болады. Мұ

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: