Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

ілуді талап етеді. Сонда ғана әуен - саз көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музыканы бірден қатарынан талғамсыз тыңдауға болмайды.
Бұл біздің түсінігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара - бара әрбір үннің әуезін, әрбір әуеннің иірімдерін сезіну қабілетімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін жоғалтып аламыз.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына музыка тыңдату процесінде мұғалім оқушыларды дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттырып, оқушыларға беретін психологиялық әсері мен тәрбиелік маңызына көп көңіл бөлу керек. Себебі, қандай бір музыкалық шығарма болмасын ол белгілі бір мазмұнда ойды білдіреді, оны терең жан-жақты оқушыларға сезіндіре білу үшін мұғалімнің өзінің жан- жақтылығы, яғни психология, педагогика, философия, медицина, әдебиет, тарих, табиғаттану, т. б ғылым саласынан хабардар болуы өте қажет.
Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатылатын шығарманың психологиялық әсері мен педагогикалық тәрбиелік маңызы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктеріне байланысты қабылданатынын ескеру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек. Музыкан орындау ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембріне және музыкалық шығарманың мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек.
4. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген музыкаға эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық бейнелі түсіну.
5. Тыңдау қабілеттілігі, музыкалық құбылыстарды салыстырып, оларға баға білу. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қ

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: