Мәшһүр Жусіп Көпейұлы. ІІІайтанның саудасы" мысал өлеңі

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: "Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді".
Мәшһүр Жүсіп ел ішін көп шарлап, ақсақалды қарт, ақ самайлы әжелердің аузынан халық ауыз әдебиетін жинайды. Сол мақсатпен кейде баратын ауылына жете алмай далаға қонса, кейде таудың ішіндегі бұлақтың басына түнейді.
Ақын мал соңында салпақтап күндіз-түні еңбек етіп жүрген кедей шаруаның ауыр азабын, жетім мен жесірдің көз жасын өлеңге қосты. Сол қиындық бейнебір өз басынан өтіп жатқандай сезінді:
Ақын шығармашылығында ағартушылық сарын оның поэзиялық туындыларынан айрықша байқалады. Мұнда ол өз заманының тұрмыс тіршілігіне назар аудара отырып,адам бойына кездесетін теріс қасиеттерді айтады. Мысалы, "Адам екі түрлі" атты өлеңі:
Бір адам бар өрік, мейіз ағаш сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды. - жақсылық пен жамандық жайында адамның мінез құлқындағы қасиеттері туралы сөз қозғайды. Адамгершілік мәселелері туралы өлеңдері: "Жалқаулар туралы айтқаны", "Кедей болады кері кеткен ұйқысы мол", "Жеткізер, Құдай пенде қылса талап".
Халық пен заман туралы, өз өмірі жөніндегі терең ойлы шығармалары : "Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі", "Ақ қағаз, қалам, сия,. . . ", " Ырықсыз жоқ нәрсеге ерінесің" т. б.

1-тапсырма: "Шайтанның саудасы " өлеңін мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіндіру.

2-тапсырма: Өлеңді құрлымына қарай талдау

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: