Методы нетрадиционной техники рисования в детском саду

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

и бастадым. Өзім үшін келесі бейнелеу әрекетінің басқару критерийлерін айқын белгіледім, олар :балалардың шығармашылық даму ерекшеліктерін ескеру,олардың өзгешелігін байқау,әдепті түрде баланың дербестігі мен ықыласын қолдау,қажетті дағдыларды меңгеруіне әрекет жасау.
Әсіресе балалардың ой-өрісін дамытуға, өзгеше ойлауға, шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектесетін дәстүрлі емес бейнелеу тәсілдері қызықтырды. Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша "Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар. Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді,тыйым мен шектеулер болмайды. Бұл уақытта бала мүлдем еркін. " Дәстүрлі емес бейнелеудің жолдары өзгеше құралдар мен материалдардың байланысуын көрсетеді. Әрине,бұл техникалардың құндылығы оның жан-жақты пайдалануында. Оның жасалу тәсілдері балаларға да, ересектерге де қызықты және қолайлы.
Сондықтан да дәстүрлі емес әдістер балалар үшін тартымды,өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.
Бұл міндеттерді "Көңілді суретші" үйірмесінде жүзеге асыруға болады. Үйірме барысында балаларға сурет арқылы өз ойын, сезімін, уайымын, көңіл-күйін білдіруіне шектеу қойылмайды. Түрлі тәсілдерді қолдану арқылы түрлі түсті дақтар мен сызықтардан танымал бейнені тауып, оны безендіруге мүмкіндік тудырады. . Сабақтар суретшінің шығармашылық процессіне сай кезеңдерден өтетін алуан түрлі материалдар арқылы педагог пен балалардың жасампаз, шығармашылық жұмысына айналады. Бұл сабақтар қиял, шығармашылық , дербестік бұлағының рөлін атқарады.
Саусақтармен сурет салу әдісі:
Қажетті заттар: ыдыстағы гуашь, ақ түсті қатты қағаз, құтыдағы таза су, сүрткіш.
Бейненің жасалу тәсілі: бала саусағын гуашқа малып

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: