үйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.
Я. А. Коменский, Ф. Фребель: "Сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады" деп айтып кеткен.
Бейнелеу өнері - эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы. Бұл көқарасты философтар, педагогтар, психологтар қолдайды. Ежелгі гректер сурет салуға үйрету - қол еңбегін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі құралы деп санаған.
Осы ежелгі көзқарастың дұрыстығына көзіміз жеткендей, себебі қазақ мәдениеті суретпен дамыды және осы заманға дейін сақталған.
Тарихты зерттей отырып, ең алдымен ежелгі қазақ халқының сурет арқылы қазіргі заманға қалдырған мұралары,қол өнерлері табылып зерттелуде. Олардың тасқа қашап салған суреттері сол замандағы тұрмысты,өмірді бейнелегенрін білеміз.
Сурет салу іс - әркетінде балаларда эмоциялық көңіл - күй пайда болады. Сурет салу - көркемдік шығармашылық іс - әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым - қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарастарын білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға берумен қатар танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу сабақтарында балаларда бастаған істі аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері ашылады.
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі. В. А. Сухомлинский айтқандай: "Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды. Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады&qu
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>