рек, яғни суреттерге байланысты шағын мәтін құрау керек. Бұл ойынды мен өз тәжірибемде,яғни қазақ тілінен ашық сабақтарда, топпен жұмыс жүргізу барысында, жекелей жұмыс жүргізуде де қолданып көрдім. Оқушылар қызығып, берілген суреттерді өз ойлары бойынша сөйлетуге барын салды.
Осы ойынды қолдана отырып, өткізген сабағымнан қысқаша көріністер
Лексика тарауы бойынша жаңа сөздерді, термин, көнерген, табу, тұрақты тіркестерді қайталау барысында "Сақина салу" ойынын ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: оқушылар меңгерген тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеріп, қазақ тілінің сөздік қорын қаншалықты меңгергенін тексеру. Ойынның шарты: сөз жазылып жасырылған қағазды мұғалім әр оқушының алақанына салып шығады, қағаз кімнің алақанында қалса, сол жауап береді. Бұл ойын түрін әрі сергіту сәті ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, орыс сыныптарында сөздікпен жұмыс жүргізу барысында да тиімді деп ойлаймын. Мысалы, мұғалім сөздің орысшасын жасырады, ал балалар қазақшасын айтуы керек.
Фонетика тарауы бойынша "Адасқан әріптер" ойынын ойнатып, дыбыстар мен әріптерді меңгертуге болады. Ойынның мақсаты: қазақ тіліндегі қырық екі әріпті, дыбыстарды, үндестік заңдылығын меңгерту. Ойынның шарты: мұғалім орындары ауысып кеткен әріптер жазылған карточкаларды оқушыларға таратып, оқушылар адасқан әріптерді орнына қойып, сөздерді айтылуы және жазылуына қарай бөліп айту. Мысалы: н,қ,ұ,л,ы - құлын. Айтылуы- құлұн, жазылуы - құлын. . Сонымен қатар, мұғалім мұндай бірнеше сөздерді карточкаларға жазбай - ақ, тақтаға да жазып қоюға болады және бұл ойын түрін үлгерімі нашар оқушылармен жүргізсе де болады деп ойлаймын.
Морфологияны қайталау барысында "Тоғызқұмалақ" ойынын ойнатуға болады. Морфология - сөз таптарын қарастыратын тіл білімін
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>