Менің сүйікті мысығым- ашық сабақ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

пырылдаған күйде ұйықтайды екен.
Мысықтың баласын біз "мысықай" деп атаймыз.
Балалар, мысық қайда тұрады?
Ол немен ойнағанды ұнатады?
Мысықтың кұлағы нешеу?
Көзі қандай?
Мысықтың ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі.
Құйрығы ұзын ба, қысқа ма?
Мысыққа не ұнайды?
Мысық - орыс тілінде кошка немесе кот деп атаймыз
Балалар мен бір дыбыс естіп тұрған сияқтымын(кішкентай күшік үйшігінен шығады)
Ой! Қандай сүйкімді күшік!
Күшігімізге ат қояйықшы.
Күшік туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Күшігімізге сүйікті асын берейікші.
Ал мынау пырылдап ұйықтап жатқан аппақ мысыққа да ат қояйықшы.
Мысық туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Мысық не ішкенді ұнатушы еді?
Сүтін берейік ұйқыдан оянған соң ішеді(ыдысына сүт құйып береді)
Балалар мен сендермен "Көлеңке" ойынын ойнағым келіп тұр
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім қалай жүреді
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім былай жүреді.

Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым қалай жүреді
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым былай жүреді.

Жарайсыңдар балалар!
Бүгін біз мысық пен ит туралы біраз мағлұматтар білдік. енді осы уй жануарларының немен ойнағанды ұнататынын, суреттегі бейнесінің қасына өздерінің ойыншықтарын желімдеп жапсырайық.
Балалар сендерге өз жұмыстарын ұнай ма?
Балалардың жұмысына тоқталып марапаттау.
Мысық пен күшікпен ойнап болған соң не істеуіміз керек еді?

Жарайсыңдар балалар мұны естен шығармауымыз керек
Ендеше "Мысық пен күшік" туралы әнімізбен тамамдайық.

Ала мысық паңданады мяу мяу мяу<

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: