Менің сүйікті мысығым- ашық сабақ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

балалары доппен, жіппен ойнап жүр).
-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.
-Екінші мысық не істеп жатыр?
-Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.
-Балалар мысық қалай ұйықтайды? Пыр-пыр-пыр-пыр.
-Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?
-Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.
Тіл ұстарту жаттығу. ( қайталап айтайық)
Ық - ық - ық,
Тышқан жейді мысық. -бәріміз қайталайық.
Ойын : "Байқағыш" деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап,көздеріне елестетіп,еске түсіріп,менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар ?
3. Мысықта қанша құйрық бар?
4. Мысықтың құлағы ұзын ба,құйрығы ұзын ба?
("м" дыбысының анық айтылуына мән беру).
Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.
Тәрбиеші: Балалар, шаршадыңдар ма? бой жазып,денемізді сергітіп алайық
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу.
Дейді мысық мияу-мияу.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Дидактикалық ойын: "Мысық нені жақсы көреді?"
суреттен мысықтың нені жақсы көретінін сызба арқылы сызып көрсетеді.
Балалар: Балық. Сүт. Тышқан. Орама жіп. Доп.

Рефлексиялық-түзетушілік
Кішкентай мысықтар қандай болады екен?
Мысық туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Әне, отыр мысық,
Өзі сондай қызық.
Қарайды ол маған,
Бір көзін қысып.
-Мысық немен ойнайды? Доппен, жіппен, ойнайды. .
Мысыққа не ұнайды? Балық. Сүт. Тышқан
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: сурет бойынша әңгімелеп, әр сөздегі дыбыстарды анық айтуды.
Түсінеді: сын есімдерді зат есімдермен қалай байланыстыру керектігін.
Қолданады: сур

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: