Оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Менің сүйікті мысығым.
Мақсаты:а ) Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.
ә) Тілде сын есімдерді белсенді (кішкентай,тентек,жұмсақ,ойынпаз, т. б. ) қолдана білуге жаттықтыру. "М" дыбысын айтуға жаттықтыру.
б) Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту
Көрнекіліктер:Мысық және оның балаларының суреті.
Сөздік жұмыс: мысық, жұмсақ, үлпілдек, тентек, ойынпаз.
Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастыру. Балалардың назарын өлең жолдарына аудару.
"Мысық"
Мышым,мышым, мысығым,
Екі көзді қысығым,
Ол ақылды, ол батыр,
Көрдім талай қызығын. (Ә. Баубеков)
Балалар амандасады, бір-біріне жылы тілектер білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
-Балалар, өлең не туралы айтылған?
-Мынау қандай ойыншық?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл-мысық.
-Мысық қалай дыбыстайды?
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Мынау не?
-Мысық қандай екен?
-Бәріміз қайталайық. Үлкен мысық.
-Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр? (суретте мысық доппен ойнап жүр).
-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.
-Екінші мысық не істеп жатыр?
-Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.
-Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?
-Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.
-Енді балалар, ойыншық мысығымызды ұстап, жүнін сипап көрейікші.
-Ол қандай? ("м" дыбысының анық айтылуына мән беру
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>