Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім. "Қотыр торғай" қазақ халық ертегісі.
Мақсаты: Ертегіні сахналату арқылы тіл байлықтарын жетілдіру.
Міндеттері: Білімділік:Сөйлесу барысында сұрақ қойып, оған дұрыс жауап беруге, сөздерді орнымен қолдана білуге жаттықтыру. Дамытушылық: Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту, қиялдарын дамыту, жұмбақ шешкізу арқылы ой-өрістерін кеңейту. Тәрбиелік: Ақылды болуға, әр істі ойланып істеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ертегі суреттерінен слайд жасау, жұмбақ жасыруға, сахналауға арналған ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Сөздік жұмыс: шеңгел, жабағы, жүн иіру, құйын.
Қостілдік компонент: торғай-воробей
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
"Қайырлы таң" 01-"Г"-15
Ертегілер әлеміне баратындарын хабарлайды.
Үнтаспадан "Ертегілер" әні ақырын шығып тұрады. Ноутбуктан таныс ертегі суреттерінен слайд көрсетуді бастайды, әр суреттің қай ертегіден екенін табуды ұсынады.
Бәрі бірге айтады.
Қызығушылық танытады.
Суреттерге қарап, ертегі кейіпкерлерін тауып айтады.
Ұйымдастыру - іздестіру
Әңгімелеу
-Жарайсыңдар, қаншама көп ертегі білетіндеріңді көрсеттіңдер. Бүгін тағы бір ертегімен танысамыз.
Өлең жолын оқиды:
Қар жауса да тоңбайды,
Қолыма кеп қонбайды.
Кіп-кішкентай сүйкімді,
Аялаңдар. . . .
-Дұрыс таптыңдар, бүгінгі тыңдайтын ертегіміз торғай туралы. "Қотыр торғай" ертегісін тыңдайтындарын айтады.
Ертегіні оқып береді,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>