ні екінші рет тыңдайды.
Қане, қатар тұрайық,
Қасқырға қақпан құрайық.
Қасқыр, қасқыр келіп көр,
Қақпан, қақпан қауып көр.
Рөлдерге бөлініп, ертегі мазмұнын айтады.
Әр екі жолдан кейін тыныс алу жаттығуын жасайды: мұрынмен тыныс алып, ауыздан баяу шығарады.
Бір бала келіп үстел үстіне суретті алып, ертегі кейіпкерін суреттейді: Бұл-үй жануары. Сақалы бар, ылғи секеңдеп жүреді.
Ертегіні толық тыңдайды.
Сұрақтарға ойланып жауап береді.
Рефлексивті -
түзетушілік
Қорытындылайды:
-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
-Қандай ертегі айттық?
Белсене қатысқан балаларға педагогикалық баға берді, мақтады.
"Жүректен жүрекке" шеңбері
"Достық" 01-"Ж"-11
-Балалар! Өзіміздің шуақты "Жүректен - жүрекке" шеңберіне тұрайықшы. Бір-бірімізді құшақтап, достығымыз үшін, қуаныш сыйлағанымыз үшін, әңгімелескеніміз үшін алғыс айтайық.
Кіп-кішкентай баламын
Жақсы адам боламын.
Достарға кең жүрегім:
"Мен сендерді сүйемін!".
Сұрақтарға толық жауап берді.
Бір - біріне баға берді
Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуді.
Болу керек: ертегі кейіпкерлерін, сипаттауды сөздерді дұрыс қолданып, ойларын дәл жеткізеді
Істей білу керек: дұрыс тыныс алуды, оның маңызын, сұрақтарды дұрыс қойып. Оған дұрыс жауап беру. Ертегі кейіпкерлерін ажыратуды, сипаттауды, ертегіні рөлдерге бөлініп ойнауды, дауыстарын құбылта отырып ертегіні сахналауды.
Страницы: << < 1 | 2 | 3