Менің киімдерім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Технологиялық карта
Ересек топ
Күні
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».
Тақырыбы: Менің киімдерім
Мақсаты: балалардың киімдердің атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету; Өткен тақырыпты қайталау арқылы үйренген сөздерін бекіту; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Киімдерін реттеп, күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: Ішіне қуыршақтың киімдері салынған кішкентай сандықша, жұмыс дәптері.
Билингвалдық карта: Көйлек – платье, шалбар – брюки, күртеше – куртка, аяқкиім – обувь, белдемше – юбка.
Іс-әрекет кезеңдеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардың іс - әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылықЖылулық шеңбері
Қайталау
Балалардың зейіндерін шоғырландырып, өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста не жауады?
-Қар қандай?
-Қыс айларын атап шық.
Өткен тақырыпты естеріне түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Ұйымдастыру-
іздестіруЖаңа тақырып
Балаларға ішіне қуыршақтың киімдері салынған әдемі сандықшаны көрсетеді.
-Мына сандықшаға киімдер салынған екен. Мынау көйлек, шалбар, күртеше, аяқкиім, белдемше.
Киім аттарын балаларға айтқызады, қайталатады.
Фонетикалық жаттығу
і дыбысын айтқызады, әрпімен таныстырады.
Ім, ім, ім – киім
Көй, көй, көй – көйлек
Күр, күр, күр – күртеше
Кел, сөйлесейік
Киім салынған сандықшаны шеттегі балаға береді, ол таңдаған киімін алып келесі балаға береді, т. б.
«Кидің, кидім» сөздерінің мағынасын, қолдану ретін түсіндіріп, балаларды сөйлестіреді.
-Келіңдер, киімдерді сандықшаға қайтадан реттеп салып қояйық.
Сергіту жаттығуы
«Тақия тастамақ» ойынын ойнатады.
Сөзін жаттатады.
Бір баланың қолына т

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: