румен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам.
Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше-менеджер қазіргі тәсілдерді басшылықққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.
"Менеджер- бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесіне бағындыра білуге , өзінің жанұясы-фирманың гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс". Жапониядағы менеджерлер мектебінің- негізігі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу органдарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатына орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т. б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Менеджерлерге қойылатын талаптар:
Менеджемент "философиясының"бірыңғай түсінігі жоқ, оған түрліше түсінік береді. Көп жағдайларды ірі корпорациялар өз менеджерлеріне талаптар қоюға тырыса
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>