млекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Э. Петерсон мен Э. Плоумен былай деп атап көрсетті:менеджменттің мұндай өзгешеліктері бола тұрса да ,бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы негізгі алынатын түсініктерге сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынастарға тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз түрде қарастырылады.
Менеджмент-нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент-нақты жүйеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға байланысты адамдар қызметінің бір түрі.
Белгілі американ экономисі В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша:"Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту,инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы".
Менеджменттегі басты нәрсе-өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою. Ескі стильдегі кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны- қолда бар адаммен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын-ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминннің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент- бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен менеджменттің екі ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент-бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым, Менеджмент-бұл адамдарды басқару әрекеті.
Менеджер дегеніміз кім? Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бі рнәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз.
Менеджер - ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқа
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>