Мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін

Егер өмір алтын болса, зергері - мұғалім,
Егер өмір теңіз болса, гауһары - мұғалім.
Егер өмір жүзік болса, көзі - мұғалім,
Егер өмір ақын болса, сөзі - мұғалім.
Шухрат

"Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Еліміздің аз ғана
жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі",- деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ал менің мұғалім мамандығын таңдауым ойламаған жерден Алланың берген тосын сыйы болды десем қателеспеймін. Бастапқыда әрине үйренісе алмай жүрдім, себебі, мұғалім мамандығы жауапкершілігі жоғары, қатаң тәртіп пен мәдениеттілікті талап ететін мамандық.
Колледжіміздегі тәжірибелі ұстаздарымыздың, қашанда өзгеге көмек қолын соза білетін колледж басшысының орынбасарларының арқасында мен өз мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Өзім Алматы құрылыс-техникалық колледжінде "Электрлік және электромеханикалық жабдықтар" мамандығы бойынша арнаулы пәндер мұғалімімін, сонымен қатар сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Колледжге келген алғашқы үш жылда өндірістік оқыту шебері қызметін атқардым. Өндірістік сабақ өткізуге маған Ұлжан Сейілхановна көмек көрсетіп, сабақ өткізу барысын, студенттермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйретті.
Арнаулы пән мұғалімі болған сәттен бастап көмек көрсетіп келе жатқан Думеева Гульмира Айткалиевна білікті мамандардың бірі. Колледжіміздің базасы барлық мамандықтар үшін практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауға толығымен жабдықталған. Электрлік және электромеханикалық жабдықтар мамандығы үшінде соңғы үлгідегі зертханалық аппараттарымен жабдықталған. Гульмира Айткалиевна тек қана сабақ өтілу барысын ғана емес

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: