ұстаздық. Халқымызда "Жас келсе - іске" деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш - қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз студенттерімді биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін. Ұстаздық еткен 5 жыл ішінде мен өз іс - тәжірибемді түйіндей келе төмендегідей ой қорыттым.
Мамандығымнан бөлек өмірде де ұстазбын. Балама бағыт сілтер, қызыма иба мен инабат сіңірер ана-ұстазбын. Жарыма қандай жағдай болмасын, жақсылыққа жол сілтер ұстазбын. Шәкіртке білім мен тәртіпті ту етер ұстазбын. Өзіме тұлға ретінде қарауға баға беретін жеке ұстазбын. Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін ұрпақты тәрбиелеу - жауапты жұмыс. Негізгі құрал - сабақ. Басты міндет - білім беру. Қалыптасқан қағида - қарым-қатынас орнату. Мен Ұстазбын. Ұлы қызметтің даңғылында адалдықтан аттамауым керек. Осыны мәңгі есте сақтауым керек.
Страницы: << < 1 | 2 | 3