Мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

, зертханадағы құрылғылармен жұмыс жасау барысын да үйретті. Бұл кісіден әлі де үйренеріміз көп. Өз мамандығына деген махаббаты, студенттермен қарым-қатынасы, студент алдында өзін өзі ұстауы барлығы дерлік үлгі тұтуға болады. Осындай білікті мамандардың арқасында барлық қиындықтарды жеңіп, өз мамандығыма деген менің де құштарлығым артуда. Қазіргі таңда мен үшін өз мандығымнан асқан керемет мамандық жоқ. . Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында",- дегені бәрімізге мәлім.
Мен - ұстазбын, мен - мұғаліммін, мен - зерттеушімін, мен жас ұрпақты
келешекке жетелеп апаратын - тәрбиешімін. Мақсатым - ұлт болашағына алаңдайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеу. Міндетім - тәліммен қоса тәрбиені де қатар беру. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған жоқ, қайта өмір сүруге күннен -- күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс -- тәсілдерді іздеуге итермелейді. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында студенттің ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс - тәсілдер баршылық. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған жаңа әдіс - тәсілдердің бірі оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және ақпараттық - коммуникативтік технологияларға бағытталған әдіс -тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде студенттерге электротехника пәнінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын.
Менің қызмет жолындағы педагогикалық ұстанымым - ел есінде бір жыл қалғын келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол -

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: