ды).
Үй тапсырмасын орындағанын көрсетеді.
8 мин
Жаңа білімдерді меңгеру
- "Ата-ана", "туыс-туған", "туысқан" сөздерінде ортақ қандай ұғым бар? - деген сұрақпен әңгіме ұйымдастырады.
- Мәтіннің бірінші бөлімін оқыңдар.
- Шежіре деген не?
Өз пікірлерін (көзқарастарын) айтады.
Мәтінді оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
5 мин
Жаңа материалды түсінуді тексеру
Сыныпта талқылаумен жалғасатын оқулықтың суреттері бойынша жұмысты ұйымдастырады.
- Ағалы-інілі Арман мен Дәурен өз шежірелерін қалай суреттеді? Олардың отбасы жайлы не айтасыңдар?
- Суретте туыстық қатынастар қалай көрсетілген?
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін салыстырады.
10 мин
Жаңа тақырыпты бекіту
Топтық жұмысты ұйымдастырады:
Сұрақтарды талқылау:
Оқушыларға топта сабаққа қатысты 1 - 2 минуттық әңгімеге дайындауын және төмендегі сұраққа жауап беруді тапсырыңыз. Егер топтар дайындалса, топтарға бір спикер сайлауын сұраңыз. Спикерлер ауысып отырса оқушылардың барлығын оқумен қамтуға мүмкіндігіңіз туады. Оқушыларға 1 - 2 минуттық дайындалуға беретін тақырыптың өзектілігіне мән беріңіз, себебі тақырып оқушыларды креативті ойлауға жетелесе, шығармашылыққа итермелесе сәтті болады.
- Алдыңғы аға буыннан нені үйренуге болады?
- Аға буынның өмір бақыты тыныш болуы үшін не істеу керек?
Жаңа сөздер енгізеді:
"20 сұрақ" стратегиясы арқылы бір оқушы бір карточка/сурет таңдап алады. Мысалы, атаның суреті болуы мүмкін. Оқушылардың қалғандары кезекпен иә/жоқ деп жауап беретін сұрақтар қою арқылы карточкада не жазылғанын, қандай сурет барын табуға тырысады. 20 сұрақтан кейін сынып карточка немесе суретті таңдап алған оқушының қолында не бар екені
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>