МЕНІҢ АТАТЕГІМ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

br/> - мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен оқулықтың мәтіні мен суреттерінен қажетті ақпаратты алса;
- сабақтың оқыту мақсатын түсінсе және орындаса, сабақтағы жетістіктеріне ой жүгіртсе;
- ересектердің көмегімен шежіре ағашының бірінші және екінші сатыларын толтырса;
- мұғалімнің сұрақтары бойынша ұрпақтардың жалғастырушылық тақырыбын талқыласа;
- отбасы тарихына қызығушылық танытса;
- отбасылық альбомды толтырса.

Оқытудың әдістері мен тәсілдері
Әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, жұптық жұмыс, өзіндік жұмыс, дидактикалық ойын.
Көрнекі құралдар
Мұғалімге: компьютер, тақырыптық суреттер, әже, ата, ұрпақ сөздері жазылған парақшалар, шежіре ағашының нұсқасы (3 ұрпақ).
Оқушыға: компьютер, оқулықтар, жұмыс дәптерлері.
Сабақтың барысы
Уақыт
Сабақтың өту кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1 мин
Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдеседі: "Сәлеметсіңдер ме, балалар!"
Алтын таңның шуағы
Бақыт үшін туады.
Қайырлы күн, балалар,
Жарық күннің шуағы.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі:
"Сәлеметсіз бе!"
1 мин
Сабақтың мақсатын қою
Жұмбақты шешуді ұсынады:
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам,
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың,
Айтады, кәне кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
- Отбасы туралы не айтатынымызды ойластырып, өз пікірлеріңді ұсыныңдар.
- Өткен сабақта сендер өз отбасыларың туралы әңгіме дайындау тапсырмасын алдыңдар, сондай-ақ мақал-мәтелдерді жаттап, олардың маңызын түсіндіріңдер.

Өз пікірлерін білдіреді.
5 мин
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексереді (тексеру түрін мұғалім анықтай

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: