түгел емес аз қамтылған отбасына бере алмаймыз. Бiрақ бiз соған қарамастан мұндай отбасыларға бағыт берiп, моральдық жағынан қолдау беруге тырысамыз
Мемлекет әлеуметтiк тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын ойлап, бюджеттен қаржы бөлiп отыр. Әсiресе, негiзiнен мектептегi "Жалпыға бiрдей мiндеттi оқу қорына" бөлiнедi. Сол бөлiнген қорды игеру үшiн, аз қамтылған отбасының құжаттары түгел жиналмайды. Себебi, бiрiнiң тiркеуi жоқтықтан жұмыспен қамту орталығынан анықтама ала алмайды. Ендi бiрi - жеке кәсiпкердiң жалданбалы жұмысын iстесе де айлығын, айлық көрсеткiшiн ала алмайды. Сол сияқты тiркеуi облыстық аудандарда болғандардың құжаттары да жарамайды. Бұл ретте бөлiнген қаржыны кем дегенде 100 шақты оқушы құжатын жинап, үлестiру керек. Бiрақ түгенденген құжаттың өзi 3040-қа әзер жетедi. Сонда құжаттары түгел болмаса мен кiмге беруiм керек? Амал жоқ, құжаты түгел болмаса да сол 100 оқушыға беруiме тура келедi. Бұл менiң жұмысымдағы келеңсiздiк емес, ол барлық әлеуметтiк педагогтардың шешiмiн таппаған мәселесi. Осындай қоғам алдындағы мiндетiмiздi атқару үшiн, құжат жинауда ата-аналарға жеңiлдiк жасалса. Отбасы әл-ауқатының төмендiгi мен жалпы жағдайын сынып деңгейiнде көрiп отырмыз. Сол ата-аналар өтiнiшiнде көрсетiп жазған мәселесi мен өздерiнiң жеке бастарын куәлендiретiн құжат көшiрмелерiмен, сыныптың ата-ана комитетiнiн өтiнуiмен, тұрмыс жағдайын анықтайтын акт жасаумен шектелсе екен. Сонда ғана мектеп саласында әлеуметтiк көмек мәселесi шешiлер едi.
Мектептiң әлеуметтiк педагогтары тұрмысы төмен отбасына көмек берумен шектелмейдi. Бұл ретте оқушылармен тренингтер өткiзiп, сауалнама жүргiзiп, кiрiктiрiлген ашық тәрбие сағаттары, сынып сағаттарына қатысып, әңгiме, кеңестер жүргiзiледi. Тұрмысы төмен отбасыларға барып акт жасап, жағдайларын бiледi. Соным
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>