"біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" деп нақты көрсеткен болатын. 2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыл болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. ОБСЕ-ге төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ - ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза - бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті. Отанымыздың аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп - ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады.
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>