ларды неге үйретеді: өзін-өзі тануға, білуге, ізденуге үйретеді. Нәтиже: ойын ашық айта біледі, өзін құрметтеуге, бағалауға үйретеді. 8. Тарихи - мәдени кеш "Тәуелсіздік - ту етер жалғыз кие". 3 - 11 Сахналанған қойылым, мәнерлеп оқу, жас ақындар, күй, қазақ биі, патриоттық әндерді пайдаланып үлкен кеш өткізу. Кеш өткізерде үлкен дайындықпен өткізу. Тиімділігі: Уақытты үнемдеу, осы кеш арқылы баланың жан-жақты алған білімін бекіту. Оқушыларды неге үйретеді: Өнерлі болуға, еліне деген сүйіспеншілін, жауапкершілігін арттырады. Нәтиже: Эстетикалық тәрбие, сахна мәдениетін біледі. Дарынды баланы анықтайды. 28 батыр-панфиловшылардың ерлігіне тағзым ету және "Мәңгілік ел" патриоттық актісінің жалпыұлттық идеясын іске асыру мақсатындағы: 2016 жылғы 7-12 қараша аралығында өткен "Ерлік сабақтары" апталығының іс-шаралар жоспары бойынша "Ерлік -елге мұра, ұрпаққа ұран" тақырыбында 28 батыр -панфиловшыларға бұрыш жасақталып, "Барлық бала бейбітшілікті аңсайды" тақырыбында сурет байқауы 5-7 сыныптарда өткізілді. Сонымен қатар әндер байқауы, әдеби-музыкалық сазды кештер өткізілді. Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды - Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан- 2030" Жолдауында
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>