МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>

арихының өн бойындағы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б. Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. "Ұлттық патриотизм" және "Қазақстандық патриотизм" ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, "ұлттық патриотизм және "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т. б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т. б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-"Отаным" деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Осы жұмыстарды өткізіп, ұйымдастыру нәтижесінде оқушыларым көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтсам, аудандық "Өнерлі өрге жүзеді" көркемөнерпаздар байқауында 7 "б" сынып оқушысы Жұма Жайна бас жүлдені жеңіп алса, облыстан жүлделі 3-орынды иеленді. Аудандық "Менің отбасымның бағы-елімнің мәртебесі&quo

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: