Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. "Патриотизм дегеніміз -- Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. " Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші - танымдық, екінші -- тәрбиелік, үшінші -- дамытушылық. Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірибемде оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім. Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында "20 жылдағы 20 жетістік" жыл бойына білім орындарында, тәрбие, класс сағаттарында қарқынды түрде үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның тарихын, саясатын, экономикасын білу - әр ұрпақтың міндеті.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат т
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>