МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>











МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті
23 жалпы орта білім беретін мектептің тәрбие ісі меңгерушісі
Бурашева Зульпия Уразбаевна

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету - бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет. Ұстаздар мен ғалымдардың екінші Қазақстандық съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: "Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл - ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата - аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға сіздердің күш - қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды",- деген. Әбу Насыр Әл - Фараби: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" - деген екен. Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш. Әленұлы "Педагогика кітабында": "Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ" деген еді. ҚР-ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: