Мектепкедейінгібалалардыңшығармашылығынмузыкалықіс-әрекеттерарқылыдамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

б.
Балабақшадағы жоғарғы топ балалары бір нәрсені ойлап табуды, құрастыруды, жасауды сүйеді. Көптеген музыкалық шығармалар қимылдарды, әндерді инсценировкалауда өздері шығармашылық іздену тұрғысынан көрсете білуге мүмкіндік береді. Кейбір шығармаларды сазгерлер мектепке дейінгі балалардың музыкалық-ойындық шығармашылығын дамытуға жағдай жасау үшін арнайы шығарған.
Кейіпкерге музыкалық сипаттама келесі әрекеттерге түсініктеме берілген шығармаларда балалар музыканы тыңдап болған соң, қимылдарды өздерінше жасап көрсетеді.
Балалардың өздерінің шығармашылық әрекет жасауына жағдай жасайтын ойындар, қол ұстасып жүріп айтатын әндер, сахналанған шығармалардың түрлері көп. Педагог балалардың қызметін бағыттай отырып, біртіндеп қиындатылатын шығармашылық тапсырмалар беруді қолданады. Ең алдымен олар жекелеген кейіпкерлердің іс-әрекетін ойдан шығарады, содан соң бірнеше кейіпкерлердің ролдерін орындайды, олардың ерекшеліктерін анықтайтайды. Осы мақсатта балалар зор ынтамен орындайтын арнайы музыкалық әдеби сценарийлер, әндер, пьесалар бар.
Сондай ақ билер де шығармашылық тапсырмалар орын алады. Балалар ойдан қарапайым әрекеттерді, түрлі секірме билерді ойдан шығарудан бастап, өздеріне таныс емес пьесаларды тыңдай отырып кез-келген қимылды ойлап шығара алады. Балалар ұжымдық тапсырмалар да алады: өзара ақылдасады, би композицияларын ойлап табады.
Енді әндік шығармашылықты дамытуға септігін тигізетін әдістемелік тәсілдерді қарастырып көрейік. Бұл негізінен алғанда суырып салуға қабілетті дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар.
Ән үйрену процесіндегі сабақтарда балаларға белгілі бір жүйеде орындалатын тапсырмалар ұсынылады. Алдымен олар вокалдық дауыс ырғағын табады. Шығармашылық тапсырмаларды күрделендіруге арналған әндер-үлгілер кеңінен пайда

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: