Мектепкедейінгібалалардыңшығармашылығынмузыкалықіс-әрекеттерарқылыдамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

аптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысынан көрінеді. Шығармашылық-адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылық объективті және субъективті болатындығы белгілі.
"Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті" - деп түсіндіріледі философиялық сөздікте.
Шығармашылық әрекеттің мәні мен оның жан қуаттарымен байланыстылығы ертедегі философтардың еңбектерінен бастау алады. Адамның шығармашылықпен өзін-өзі дамыту идеясын ең алғашқылардың бірі болып ұсынған Гераклит өз оқушыларында шығармашылық тапсырма ретінде өздерін зерттеуді тапсырады. Ал Сократ әр адамның тұлға ретінде жетілуіне ерекше мән бере отырып, "интеллектіні" дамыту, қабілеттерді қалыптастыру оқытушының басты міндеттерінің бірі деп есептей отырып, оқушыларға дайын ұсыныстар бермей, "ақиқатқа жетуді" өздеріне тапсырып отырған. Бұл "сократтық әдістің" қазіргі уақытта да құндылығы жоғары деп білеміз.
Шығармашылық- барлық еңбек түрінде әрекетке бойлай отырып, оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтсақ шығармашылық барлық әрекеттің сапалық белгісі. Баланың шығармашылық қабілеті шығармашылық әрекеті нәтижесінде ғана дамитындығы мәлім. Осыған орай шығармашылық сияқты көп қырлы, күрделі мәселенің құрылымы қандай, қандай мазмұннан түзіледі, қалай өрбиді деген мәселелердің басын ашу қажеттілігі туындайды. Ендеше бұл феноменнің практикалық-әрекеттік құрылымына тоқталуға тиіспіз.
Ғылымда шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған:
1) материалдық-техникалық;
2) рухани-теориялық;
3) әлеуметтік-ұйымдастырушылық;
4) педагогикалық;
5) көркем-шығармашылық т.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: