ланылады (дыбысқа еліктеу, музыкалық сұрақтар мен жауаптарды қайталап айтып беру, берілген текстке орай керісінше ән шығару). Әдетте педагогтың ұсынуы бойынша балалардың ішінен біреуі ойынан шығарушы болады. Басқалар оны тыңдайды, оған баға береді, кейіннен әнді бәрі қосылып айтады.
Жыл аяғында педагог әр баланың дауысының және есту қабілетінің даму дәрежесін тексере келіп мыналарды ұсынады:
аспаптың сүйемелдеуімен бірнеше таныс әндерді айту. Мұнда әннің сапасын, дыбыс шығару ерекшелігі, вокалдық интонация белгіленіп қойылады.
үлкен адамның көмегінсіз баланың әнді дұрыс білушілігін анықтау үшін әнді сүйемелдеусіз айту;
әр түрлі үндестіктегі екі әнді орындау, бала көңіл-күйін келтіре алуын байқау;
музыкалық "жауап" ойыны (педагог: "Сенің атың кім?",-деп әндетеді. Бала "Ай-гүл"-деп жауап береді).
Мектепке дейінгі жастағы балаларда айналасындағылардың сөйлеуін және бақылай отырып, бағалаушылық сипаты пайда болады. Олар аттарын музыка арқылы айта отырып сөйлеу іс - әрекетіне шығармашылықпен кіріседі. Жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады. Балаларда ойлау объектісі арқылы сөйлеуге, музыкаға деген қызығушылық пайда болады. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, байланыстыру, сауаттылық жағынан, шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтары айқындалады. Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы еске сақтау қабілеттері арқылы, өз бетімен ойлау қабілеттері арқылы жоғарылай түседі. Түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың ойлау шығармашылығы дамып, ақыл - ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, әңгімелерді, ертегілерді еске түсіріп оны музыка арқылы сөйлеу театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Музыкалық сабақтарда балаладың іс - әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмал
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>