Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

т салуға машықтандыру, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.
Құралдар: Ақ қатты қағаз, тушь немесе гуашь, перо немесе қылқалам, қол сүрткіштер.
Барысы: Балалар білесіңдер ме, бұрын ерте заманда біздің әжелеріміз бен аталарымыз кішкентай сендер сияқты бала кездерінде қазіргідей қаламсап болмаған, сондықтан олар қауырсынмен жазатын болған. Қауырсынмен жазу өте қиын. Балалардың дәптерлерін жиі бояу тамшылары тамып бүлдіреді екен. Бүлінген дәптерді көрген тәрбиеші де, балалар да ренжиді. Бірақ, тамған бояу тамшылыры кей кездері өте ерекше болып шығады екен. Балалар ондай тамшыларды қызықтап қарайды екен. Ол тамшыларды мұқият қараса, ғажайып бейнелерді көрген. Мысалы, аңдар бейнесі, құстар, адамдар, ертегі кейіпкерлері сияқты бейнелерді көрді. Қазір біз де ерекше тамшыларды салып көрейік.
Ұқыптылықты,тазалықты ескерте отырып, балаларға ерекше тамшылардың жасалу жолдарын көрсетеді. (ақ қағаздың дәл ортасына бояу тамшысын тамызып, қағазды ортасынан екіге бүктейміз. Жұмыс аяқталған соң тәрбиеші балаларға: "Қане,балалар өз тамшыларымызға қарап неге ұқсайтынын табайық?" деп ой тастайды.
Ұтымды да дәл жауап берген бала ескеріледі.
Ұсыныс: Балаларға тамшылардан өзі ұқсатқан бейнелерді жалғастырып салдыруға болады.



"Ғажайып алақан"

Мақсаты: Бала қиялын дамыту, жүйелі ойлауын дамыту,бейнелеуге үйрету,бейнелеуге деген талғамын дамыту.
Құралдар: Сурет үлгілері (алақан үлгісіне бейнелеген суреттер), ақ парақ А4, жай қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаш, акварель бояуы, қылқалам, қол сүрткіштер.
Барысы: Балаларға ақ қағаз бетіне алақандарын бастырып салдырамыз. Жұмыс дайын болған соң: "Балалар,бәріңізде бірдей суреттер пайда болды, ал енді осы суретті әр түрлі етіп, бір-біріне ұқсамайтын су

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: