Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

бір түстің пайда болатынын түсіндіру, балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.
Құралдар: Ақ А4 қағаз, гуашь, қылқалам, мақталы таяқшалар, қол сүрткіштер.
Барысы: Баяу ән ойнап тұрады, балалар қарындаш маскаларын киіп бояулар патшалығына қонаққа барады.
Қарындаштар: (хормен)
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң!
Сәлеметсіз бе, бояу ханшайымы!
Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, қарындаштар! Келгендеріңе қуаныщтымын. Қараңдаршы менің патшалығым өте үлкен. Оның тұрғындары сурет салады, мүсін жасайды, қағазбен жұмыс істейді. Сендерде осындай жұмысты ұнатасыңдар ма?
-Иә, ұнатамыз!
-Қарындаштар, менің киімімде бояудың әр - түрлі түстері бар. Ал сендер түстер туралы не білесіңдер?
-Негізгі бояулар қандай?
-Қызыл, сары, көк.
-Балалар кемпірқосақты білеміз бе?
-Ол қандай болады?
-Кемпірқосақта қанша бояу түрі бар? - Қандай?
-Кемпірқосақта жеті бояу түрі бар. (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін)
- Сендер бояуларды араластыра аласыңдар ма?
- Иә.
Қызыл сары - қызғылт сары.
Сары көк - жасыл.
Көк қызыл - күлгін
Ақ көк - көгілдір
(Балалар бояуларды бір-біріне араластырып жаңа түстерді шығарып көреді).
Бояу ханшайымы: Балалар енді түсіндіңдер ме? Түстердің қалай пайда болатынын?
Ендеше, осы түстерді пайдалана отырып мақталы таяқшалардың көмегімен кемпірқосақ салайық.



Рахмет, сендерге балалар. Өте әдемі салдыңдар. Енді маған қонаққа келіп тұрыңдар. Менің сендерге көп үйрететіндерім бар. (балалар бояу ханшайымымен қоштасып, бояулар патшалығынан қайтады)

"Сиқырлы тамшылар"

Мақсаты: Бала қиялын, жүйелі ойлауын дамыту, графикалық контурмен суре

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: