Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ардым");
oo табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: "Мен бейне суретті салдым" (дұрысы - "Мен кеше сурет салдым"), "Жазуды жазды" (дұрысы - "Жазу жаздым");
oo септелмейтін зат есімдерді септеу;
oo салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде дауыссыздардың алмасуының болмауы;
oo етістіктің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану: тәрбиешінің қойған сұрағына орай жіктік жалғауының 1-жағы жекеше түрдегі етістік 2-жақ жекеше түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: - Сен көп ойнадың ба? - Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті мен салдым;
oo сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелгенде тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: "ит бес күшікпен келді" (дұрысы -"ит бес күшігімен келді"), "тауық екі балапанмен келді" (дұрысы -"тауық екі балапанымен келді") (7).
Әрине, балалар, әдет бойынша тілде етістіктің есімше, көсемше тұлғаларын қолдана алмайды, себебі оларды үлкендердің сөзінен сирек естиді: үлкендер балалар түсінбейді деп қорқып, бұл грамматикалық тұлғаларды аз қолдануға тырысады, бірақ сонан соң, VI класта, яғни бұл тұлғаларды оқитын кез келгенде, әдетте, балалар оларды үйренуге даярланбаған болып шығады. Осының салдарынан көптеген баланың тілі грамматикалық катынасы жағынан алғанда жүдеу болып шығады.
Тәрбиеші балалардың диалектік қателерін де есепке алуына тура келеді, мысалы, олар баланың қай облыста тұруына байланысты болып келетін зат есімнің ілік септік жалғауын немесе ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы сөзді қолдану кезіндегі және басқа да кездердегі қателер: "менің ойыншығым", "менің ойыншық", "сенікі қу

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: