қателер. Балалар сөйлегенде сөзді әдетте септеудің немесе жіктеудін өнімді типі бойынша өзгертеді, ал өнімсіз типті олар әдетте кейінірек үйренеді және де егер оларға мұндайда дер кезінде көмек бермесе, сөз түрлендірудегі қателер оларды түзету әлде - қайда қиынға соғатын кезге, яғни мектепке дейін "ілесіп барады".
Сөз түрлендірудің өнімсіз типіне жеу, жүру (көлікпен), өсу тәрізді етістіктер, фонетикалық өзгешеліктермен септелетін зат есімдер (барлығы 10 сөзге дейін) және басқа сөздер жатады, алайда бұл сөздер тілде ете кездеседі, сондықтан олардың қате түрі әрқашан айқын білініп тұрады.
Мұндай типті грамматикалық қателердің түрлері мынадай:
oo зат есімшенің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына екіншісінің қолданылуы: "жолдар", "көлдер" типі бойынша -лар (-лер) вариантының орнына -дар (-дер) айтылады: "үйдер", "терезелер", "баладар", "машинадар";
oo зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің орнына бірі қолданылуы: "баладың" ("баланың" деудің орнына), "столқа" ("столға" деудің орнына), "адамты" ("адамды" деудің орнына), "бақшатан" ("бақшадан" деудің орнына), "балабен" ("баламен" деудің орнына);
oo стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екіншінің бір септік жалғауының қолданылуы: "үйде бардым" (дұрысы - "үйге бардым"), "машинада міндім" (дұрысы - "машинаға міндім"), "жолда бардым" (дұрысы - "жолмен бардым"), "орындыкқа отыр" (дұрысы -- "орындыққа отыр"), "орманда кетті" (дұрысы - "орманға кетті"), "кино бардым (дұрысы - "киноға б
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>