тегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.
Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше "құрастыруын", олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді -- заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді -- суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.
Тәрбиеші тілі -- балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, пгрограммада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты.
Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру -- бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру -- болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен:
oo адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер, қалай жазылса, солай айтуынан;
oo сөз ;үйлесімін дұрыс құрмауынан;
oo сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;
oo сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауына
Страницы: << < 34 | 35 | 36 | 37 | 38 > >>