сыйластық көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін қалдыруға (мәселен, "Отырыңыз!") болады. (Интонацияның осы қасиетін білдіретін ежелгі орыс мақалын еске алайықшы: "Сол сөзді басқа ырғақпен айтса ғой!").
Тәрбиеші өзіндік сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компоненттері -- лексикасы, грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол -- тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдөниетін көтеруге талпынған тәрбиеші морфологияныда аффикосинонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синонимфлекстердің, синоним жалғаулардың, синоним союздердін, жай және күрделі сөйлемдер кұрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдануы керек (19).
Ана тілінің синонимдерін білу болашақ педагогтарға өзінің тілін жақсартуға ғана көмектеспейді, сонымен бірге балаларды тілге үйретудің жеңіл және өте тиімді тәсілін бойына сіңіреді: егер бала әлдебір грамматикалық форманы түсінбесе, онда оған тиісті синонимді айта қойса (әрине, орта және ересек топтарда) бәрі түсінікті болады. Мысалы, А. Прокофьевтің "Көшедегі көлшік" деген өлеңінде: "желкенмен жабдықталған флот суға түсті" деген сөз бар, мұндағы грамматикалық форма баланың түсінуіне өте қиын. Оның орнына тәрбиеші етістіктің септелетін бұрыннан таныс түрін ұсынады: желкенмен, жабдықталған -- демек, "балалар желкенмен жабдықтаған (жасаған) флот". Ал "Сырнайшы" деген өледдегі "от шашқан галстукті" деген жолдарды "жалынға ұқса
Страницы: << < 36 | 37 | 38 | 39 | 40 > >>